ӨНІМДЕР КАТАЛОГЫ

«Караганда-Осетр» ЖШС тірі бекіре балығын, суытылған бекіре балығын, сонымен бірге суықтай және ыстықтай қақталған бекіре балығын көтерме және бөлшектеп жеткізуді ұсынады.

Біздің бекіре балығымызды және басқа өнімдерімізді көтерме түрінде де, шағын топтамалармен де сатып алыңыз. Тапсырысыңызды өзіңіз алып кетуіңізге болады немесе өзіміз жеткіземіз. Біз үшін Сіздің тапсырысыңызды қалай алғыңыз келетіні маңызды емес, себебі өнім бағасы бұдан өзгермейді.

Біздің балық шаруашылығымызда біз балық өсіру үрдісіне аса көңіл аударамыз. Балық өсіру мен қайта өңдеудің әр кезеңінде біз барлық қажетті қалыптар мен технологияларды сақтаймыз. Осыған байланысты өнімнің жоғары сапасына кепілдік бере аламыз.

БЕКІРЕ ЕТІ

Бекіре етінің бай құрамы бар. Ал оның дәмі туралы айтпауға да болады. Бекіре еті туралы өткен ғасырлардың әдеби шығармаларында даайтылады. Бекіре еті жоғары биологиялық құндылыққа ие, оның құрамында ағзаға керекті бүтін амин қышқылдары мен эссенциялық майлы қышқылдардың кешендері, көптеген дәрумендер мен минералдар бар. Көп адамдардың айтуынша, бекіре етінің сиыр етіне ұқсайтын өзіне тән дәмі бар. Бұл қасиетке ол құрамында мол мөлшердегі глютамин қышқылының арқасында ие болды. Бекіре полиқанықпаған майлы және құрамында күкірт бар қышқылдарға бай, әсіресе докозогексаен және эйкозопентаен қышқылдары құнды. Бекіреде олар атеросклероз ауруын алдын-алуға мүмкіндік беретін қатынаста кездеседі. Бекіренің дәрумендік құрамы да бай - А, В1, В2, С, D, Е, РР. Минералдар арасында онда әсіресе фосфор мен калий көп, сонымен бірге кальций, магний, натрий, фтор, темір, хлор, хром, никель, молибден бар.

БЕКІРЕНІҢ ПАЙДАЛЫ ҚАСИЕТТЕРІ

Барлығымызға да балық майының пайдасы белгілі. Бұл зат ағзаның жүйке және жүрек-тамыр жүйелеріне жағымды әсер етеді. Бекіре етінің майлығы теңгерімделген, оның энергетикалық құндылығы – 100 грамм өнімде тек қана 90 ккал. Сондықтан бір жақтан бұл балық пайдалы, ал екінші жақтан – тамақтанудан кейін асқазандағы ауырлыққа себепші болмайды.

Әсіресе бекіре уылдырығы өте пайдалы. Құрамындағы полиқанықпаған қышқылдардың көп мөлшері мен бірегей қатынасы бұл өнімді таптырмас етеді. Уылдырық қан қысымына жағымды әсер етеді, бүкіл ағзаның және, атап айтқанда, эпидермис жасушаларының қалыпты дамуына себепші болады. Бекіре уылдырығын ауыр сырқаттармен ауыратын әлсіз адамдарға жегізуге болады. Ол өмір сүру қуатын қалпына келтіруге көмектеседі.

Тірі бекіре

ӨНІМДЕР СҰРЫПТАМАСЫ

Мерекелік дастарханда бір жеңсік астың болуын қалаймыз. Жаңа ауланған бекіре балығын алуды ұсынамыз.

Бекіре балығының өте нәзік ақ еті бар, сонымен бірге сүйектері жоқ, себебі бекіре қаңқасы шеміршекті қосылыстардан тұрады, ал бекіре терісінің қабыршағы жоқ, оның орнына ол қатты сүйек болып қалған тілімшелермен қапталған.

Бекіре еті – тек жеңсік ет қана емес, сонымен бірге көптеген пайдалы заттар: майлы қышқылдар, дәрумендер: С, РР, В1, фосфор, йод, калий, магний, темір. Барлық осы табиғи құрауыштар зат алмасуына жағымды әсер етеді, зиянды холестеринді ыдыратады, яғни жоғары артериялық қысымның төмендеуіне, дене салмағына, шаш, тері мен тырнақ сұлулығына әсер етуі мүмкін.

Ыстықтай қақталған
бекіре

Ыстықтай қақталған бекіре балығы кез-келген дастарханда таңдаулы әшекей болуы мүмкін, ол мерекелер үшін де, күнделікті тұтыну үшін де жарамды. Қақталған бекіре еті дәрумендер мен пайды микроэлементтерге бай, онда омега-3 қышқылдары жақсы үйлестірілген.

Біздің шаруашылығымызбен ұсынылатын ыстықтай қақталған бекіре әрқашан ең жоғары сапалы. Біз өзіміз балықты өсіреміз, сол себептен жүз пайыздық сеніммен тек жоғары сапалы өнімді ұсынамыз деп айта аламыз.

Қақтау барлық қалыптар мен технологиялық өзгешеліктерді сақтаумен, сертификатталған өндірісте іске асырылады.

Мамандарымыз аулаудан бастап дүкендер сөрелеріне түсуіне дейінгі, балық дайындаудың барлық кезеңдерін қадағалайды. Ыстықтай қақталған бекірені ең үздік мейрамханаларға, супермаркеттерге және желі дүкендеріне жеткіземіз.

Суықтай қақталған
бекіре

Бекіре тұрақты тұтыну үшін керемет жарамды, себебі ол орта дәрежелі майлылыққа ие. Етінің құндылығы мен майлар мөлшері қатал теңгерімделген.

Суықтай қақталған бекіре классикалық рецепт бойынша дайындалады, бояғыштар, ас қоспалары, консерванттар мен сұйық түтін пайдаланылмайды. Құрамында генетикалық модификацияланған ағзалар жоқ. Тек табиғи құрауыштар мен теңіз тұзымен тұздалуы, бұл өнімнің керемет «патшалық» дәмін қамтамасыз етеді.

Балық аулаудан бастап соңғы тұтынушыға дейінгі технологиялық үрдістің бүкіл кезеңдерінде сапа бақылауы жүргізіледі. Барлық санитарлық қалыптар мен ережелер сақталып, соның нәтижесінде хош иісі мен нәзік дәмі бар, табиғи және диеталық өнім алуға мүмкіндік жасалады.

Кәсіпорында суықтай қақталған бекірені көтерме және бөлшектеп сату ұйымдастырылған.

Бекіре

Вакуумдық қаптамадағы суытылған/мұздатылған

Суытылған деп, бұзылудан сақтау үшін суықпен өңделген балықты айтады, ет қалыңдығындағы температура қату нүктесіне (яғни 0-ге тең) жақын, бірақ балық шырындарының қатаюы әлі басталмаған. Аулаудан кейін неғұрлым тез суыту жасалса, соғұрлым балық ұзақ сақталады.

Қоғамдық тамақтану кәсіпорнына немесе сауда-бөлшектеп сату желісіне түскен суытылған балықты шексіз мерзім бойы сақтауға болады, бұған қоса оны мұзда және суытылған жайда сақтайды.

Мұздату – балықты ұзақ уақытқа сақтаудың ең жақсы тәсілі, осының арқасында сатып алушы балықты одан да ұзақ уақыт бойы сақтай алады.
Сонымен бірге сапа жағынан ол жаңа ауланған (суытылған, тірі) балықтан еш кем болмайды. Әрине, көп нәрсе оның қалай мұздатылғанына, қалай және қанша уақыт бойы сақталғанына, содан кейін ерітілгеніне байланысты.
Кәсіпорында вакуумдық қаптамадағы суытылған немесе мұздатылған бекірені көтерме және бөлшектеп сату ұйымдастырылған.

Оставить сообщение
Оставьте свое сообщение в этой форме, мы получим его на e-mail и обязательно ответим!