Бекіре еті

Аймағымызда бекіре балығын өсіру үшін тұйық су жеткізу қондырғысы (ТСЖҚ) негізіндегі өсіру технологиясы таңдалды, технологиялық жобаны дамытуды еуропалық мамандарға сеніп тапсырдық.

Құрылыс үшін 2 жылдан артық уақыт кетті, технологиялық желі еуропалық компаниялардан жеткізіліп, барлық жабдықтар автоматты компьютерлік басқарумен жабдықталып, келесі құрылымнан тұратын болды: балық өсіру хауыздары, суды терең тазалау және оттегімен байыту жүйелері, сорғы станцияларының топтары, желдеткіш камералар, қақтау, қаптау және қайта өңдеу цехтері. Бір сөзбен айтқанда, балықтардың бекіре түрлерін өсіру үшін біз «шипажай» құрдық, ал бұл өнімдердің тамаша дәм сапалары мен экологиялық тазалығына тікелей әсер етеді.

ТҰЙЫҚ СУ ЖЕТКІЗУ (ТСЖҚ)

Біздің шаруашылығымыз бактериялар мен микроэлементтерден УК-стерилизациялау жүйесі арқылы қосымша тазалаудан өткен артезиандық ұңғымалардан су алады. Бұрыннан белгілі болғандай, медиктер артезиандық суды ең таза және пайдалы деп есептейді. Оның құрамында микроағзалар, вирустар мен бактериялар, яғни жұқпалы аурулар жұқтыру қаупі жоқ.

Бекіре балығын өсіру технологиясын әзірлеу кезінде тұйық кеңістікте балық өсіру үшін ең қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін барлық заманауи технологиялар пайдаланылды. Барабандық сүзгі, биосүзгі, флотатор мен озонатор пайдаланумен суды тазалау мен оттегімен байыту кешенін қолданамыз.

Дәстүрлі балық өсіру өзеніндегі су температурасы, су тазалығы, оттегі деңгейі, жауын-шашын, су бетінде қалқып жүзетін және су алу құрылғыларының торларын бітейтін өсімдіктер мен жапырақтар және т.б. сияқты сыртқы жағдайларға толығымен байланысты.

Біз барлық бұл факторларды болдыртпай, бүкіл үрдістерді толығымен бақылаймыз.


БАЛЫҚТАРДЫҢ ӨСУІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН КӨРСЕТКІШТЕР


Су температурасы, оттегі деңгейі немесе тіпті күндізгі жарық сияқты көрсеткіштерді бақылау, балықтар үшін тұрақты және оңтайлы шарттарды қамтамасыз етеді, ал бұл өз кезегінде аз күйзелу мен жақсы өсуге әкеледі.

Ағын жылдамдығы
Жарық
Температура
Су тұздылығы
pH
Оттегі
Көмірқышқыл газ
Плотность
посадки
Жем
Органикалық
заттар

ДӘСТҮРЛІ БАЛЫҚ ӨСІРУМЕН САЛЫСТЫРҒАНДАҒЫ БІЗДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫМЫЗ


Біздің сайтымыздан Сіздің жаңа ауланған балықты және басқа өнімдерімізді өндіруші бағасымен оңай сатып алуға мүмкіндігіңіз бар!
Сонымен бірге шаруашылығымызға өзіңіз келіп, балықты таңдау мүмкіндігіңіз бар.
Балық өсіру технологиямыз «Премиум» қатарына кіретін өнімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді, нағыз бекіре балығының дәмін көріңіз!

Оставить сообщение
Оставьте свое сообщение в этой форме, мы получим его на e-mail и обязательно ответим!